2019-2020 оқу жылғы 1 тоқсандағы ата-аналар қоғамдастығы алдында есеп беру (қоғамдық ашық баяндама)
1. Жалпы мектеп бойынша ақпарат.
Кадрлыққұрамы:
Педагогикалық ұжымның саны 23 мұғалім.
1-4 сыныптарда 5 мұғалім қызмет етуде, соның ішінде бір мұғалім қазақ тілінде оқытады.
5-10 сыныптарда 18 мұғалім қызмет етуде.
Жоғары біліммен -20 мұғалім, бұл 86,9% құрайды.
Арнайы орта білімі бар -3 мұғалім ( 13,1%).
Бір мұғалім Жекеева Н.А. ПМПУ-да «Бастауыш сыныпта оқыту әдісі және педагогика» мамандығы бойынша сырттай оқиды.
7 мұғалім жоғары санатты, соның ішінді 4 мұғалім «Педагог-зерттеуші» санатымен. Бірінші санатты – 9 мұғалім, соның ішінде бір мұғалім «Педагог-сарапшы» санатына иегер. Мектеп бойынша бірінші және жоғары санаттары бар мұғалімдер 69,6% құрайды. 2 санатты екі мұғалім, бұл 8,6% құрайды, санатсыз – 5 педагог ( 21,7%).
«Адалдық сағаты» сабағы Песчан №1 ЖОМ
2019 жылғы 2 қыркүйекте Песчан №1 орта жалпы білім беру мектебінде бірыңғай «Адалдық сағаты» сабақтары өтті. Аталмыш шараға мектептің барлық оқушылары белсенді қатысты. Бастауыш сатыда шараға жауаптылар Н.А.Радионова және Т.А.Дукач, орта сатыда – А.Б.Ильсова, О.В.Красноперова. Жоғары сыныптарда – Ж.Х.Асаева, Н.А.Пащенко.
Өзіңді тани біл...
Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыты адамның жеке әлеуетін барынша арттыруға бағытталған моральдық және рухани білімге айналды.
Адамның дене, ақыл-ой, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуындағы үйлесімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін моральдық және рухани білім беру нақты білім беру тәжірибесінде әртүрлі жолдармен және ең алдымен «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.
Робототехника
Робототехниканың алғашқы сабақтары оқушыға және мұғалімге виртуалды және нақты әлем арасындағы айырмашылықты түсінуге мүмкіндік береді.
Робототехника сабақтары информатикада, технологияда, ғылымда балалардың қызығушылығын тудырады деп сенеміз.