«Қош, әліппем!» мерекесі
Қош, әліппем!» мерекесі
Қыстың соңғы айы ақпанда Песчан №1 ЖОББ мектебінде 1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу «Қош, Әліппе» мерекесі өтті. Бірінші сынып оқушылары ең алғаш оқулығын аяқтап, осыған арналған қызықты шараға белсенді қатысты.
Жуырда ғана 1 сынып оқушылары мектепке келіп, оқушы болды. Ең алғаш ұстазымен танысып, оқу, жазуға үйрене бастаған. Алты ай аралығында олар жазуға, оқуға үйренді. Олар әлі де кішкентай болса да, кәзір еліміздің сауатты азаматтары деуге болады. Балаларды оқуға, жазуға үйреткен ең алғаш кітабы «Әліппе». Әр адам өмірінде ең алғаш кітабы «Әліппемен» танысып, оқуын бастаған. Балалар бұл мерекеге аса үлкен жауапкерлікпен дайындалып, ән, өлеңдер жаттады. Бірінші сынып оқушылары Әліппе еліне саяхат жасап, өздерінің сүйікті кейіпкерлерін кездестірді: Незнайка, Почтальон Печкин және Әліппе,Ана тілі.
Әліппені табысты аяқтауымен балаларды сынып жетекшілері құттықтады. Осы қызықты шарада естелік дипломдарды таратты. Бұл мерекеге әрине ата-аналар да қатысты. Олар балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады. Мереке өте қызықты өтті.
«Чернобыль» жобасының үшінші кезеңі өтті. Қайталанбасын, есте сақтаңдар»
2016 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласында Оқушылар Сарайында «Чернобыль» жобасының үшінші кезеңі өтті. Қайталанбасын, есте сақтаңдар». Конкурсқа Качир, Железин, Ақтоғай, Шарбақты, Павлодар ауданынан, Ақсу қаласынан 67 оқушы қатысты. Павлодар қаласынан №28,41,9,13,39,40,26,6,17,22,5 мектептер қатысты, Заря ЖОМ және Оқушылар Сарайының «Рауан» әдебиеттік студиясының оқушылары қатысты. Качир ауданының оқушылары 5 авторлық өлеңді ұсынды, соның ішінде «Чернобыль - боль моя...»- авторы Дорошенко Евгений, Песчан №1 ЖОМ оқушысы. Өзінің өлеңі арқылы Женя Чернобыль апатында болған Припяти тұрғындарының зардап шеккендерін жеткізе алды. Залдағы көрермендер өлеңді аса мұқият тыңдады. Сараптау комиссиясының шешімі бойынша, құрамына енді: Окольничья Татьяна Владимировна – П.Васильев атындағы әдебиеттік Бірлестігінің төрағасы.Квашнина Любовь Степановна - П.Васильев атындағы Үй-мұражайының экс директоры.Деймуд Виктор Георгиевич– ҚР «Союз Чернобыль» төрағасыЮрченко Мария Владимировна – Рауан» әдебиеттік студиясының жетекшісіШомановаМеруертСабитовна – облыстық оқушылар Сарайының профильдік оқыту бойынша директоры.Қорытынды бойынша 9-11 сынып арасында Дорошенко Евгений 1 орын алды. Педагогикалық ұжым, Песчан№1 ЖОМ оқушылары Евгенийге шығармашылық, табыс тілейді.
« Мен білетін жалғыз әдемілік – денсаулық»
«Мен білетін жалғыз әдемілік – денсаулық».
Генрих Гейне
Әр күнді күлкі-көңілмен қарсы алатын адам – бақытты адам. Ал күлкі дені сау адамға тән қасиет. Көңілді адам басқаларға да жақсы көңіл күйін жеткізе алады, басқа адамдар да одан жақсы әсер алады.
Қоғамға дені сау адамдар керек. Қазіргі жастарға барлық жолдар ашық. Өмірімізді ғылымға арнауға болады, спортпен шұғылдануға болады, жеңістер мен рекордтарға ұмтылып, әскер адам болып, Отанды қорғауға болады. Бірақ осының барлығын тек дені сау адам ғана істей алады. Дені саудың – тәні сау. Қазіргі заманның талабына дені сау адам сай бола алады.
Осыған байланысты Песчан №1 ЖО мектебінің жоғары сыныптар кеңесі мынадай міндеттерді алға қояды: оқушыларға осы өмірде ең қымбат денсаулық екенін түсіндіру, әр адам өз денсаулығына жауапты, адам ағзасын сау, жаратылыс қалпында сақтау керек.
«Ұлттар достығы» фестивалі
«Ұлттар достығы» фестивалі
Песчан №1 орта мектебінде тілдер айлығы қарсаңында «Ұлттар достығы» фестивалі өткізілді. 5-11 сынып оқушылары бұл шараға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр сынып ұлттық костюмдер киіп, сол ұлттың биін, әнін орындады. Зал әдемі безендіріліп, оқушылар әр ұлттың киімдерін киіп келді. Іс-шара Әнұраннан басталды. Оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер орындарынан тұрып қолдарын жүректеріне қойып әнұранды орындады. Бағдарламада жеті ұлт өкілдерінің өнерлері тамашаланды. Олар: қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, ағылшын, испан ұлт өкілдері. Бағдарламаны жүргізушілер келген қонақтарды әр ұлт өкілдерінің тарихымен, тілімен, мәдениетімен таныстырды. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын, неміс, беларус, өзбек, испан тілдерінде ән айтып, би биледі. Фективаль оқушыларың орындауындағы «Достық» биімен аяқталып, келген қонақтардың, оқушылардың қошеметіне ие болды.