Күзгі гүлдер көрмесі
2015 жылғы 17 қыркүйекте мектеп рекреациясында күзгі гүлдер көрмесі ұйымдастырылды. Әр сынып күзгі атауы бар әдемі гүл шоғын әзірледі. Қорытынды бойынша ең үздік гүлдер шоғы анықталды.
8 «А», 8 «Б»сынып оқушылары 1 орынға ие болды, 7 сынып - 2 орында, ал 5 сынып оқушылары жүлделі 3 –ші орынға ие болды.
Күзгі кросс
Песчан №1 ЖО мектебінде 11 қыркүйек күні Қазақстан халқының ассамблеясының 20- жылдығына орай күзгі кросстан мектепшілік сайыс өтті. Сайысқа 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.
5-6 сыныптар |
|
Қыздар |
Ұлдар |
1 орын Жидкова Т. |
1 орын Аксенов А. |
2 орын Власова И. |
2 орын Титов А. |
3 орын Желнина Г. |
3 орын Шахмет М. |
7-8 сыныптар |
|
Қыздар |
Ұлдар |
1 орын Якубенко С. |
1 орын Аксенов П. |
2 орын Молчанова В. |
2 орын Коновалов К. |
3 орын Бейсенова К. |
3 орын Федкевич М. |
9-11 сыныптар |
|
Қыздар |
Ұлдар |
1 орын Аксенова Н. |
1 орын Овцынов П. |
2 орын Тайлакова Р. |
2 орын Турбан А. |
3 орын Байльдинова Л. |
3 орын Тюлевканов Е |
Қазақ хандығының 550-жылдығы
Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Песчан№1 жалпы білім беру орта мектебінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттың мақсаты – қазақстандық патриотизм, туған жіріне, халқына сүйіспеншілік тәрбиелеу, өз Отанын мақтан ету, оқушылардың зияткерлік деңгейлерін жоғарлату. Бейнетаспа, презентациялар арқылы өткен жылдардағы тарихымызды тамашалап, мемлекетіміздің негізгі даму сатылары көрсетілді. Қазақстанның пайда болғаны туралы оқушыларға қызықты дастан айтылды: «Әлемді жаратқан кезде құдай алдымен аспанды, жерді, теңіздер мен мұхиттарды, басқа елдерді жаратыпты, ал Қазақстан туралы ұмытып кетіпті. Ең соңғы уақытта есіне түскен екен, бірақ жасайтын материал қалмаған тәрізді. Сонда алла-тағала әрбір елден тезірек біраз материалды кесектеп алған – Америкадан бір кесек, Италиядан бір кесек, Африкадағы бір кесек шөлейтті, Кавказдың бір жолын, барлығын бір-біріне қосып, Қазақстан болатын жерге орналастырды. Бұл дастанға сеңбеу мүмкін емес, өйткені біздің кең байтақ жерімізде неше түрлі қызықты жерлерді көруге болады. Әрі қарай, шара барысында оқушылар тәуелсіздік алмаған кездегі біздің Отанымыздың тарихы туралы мәлімметтермен танысты. Отанымыздың еркіндігі, ьостандығы, тәуелсіздігі үшін миллиондаған адамдар қанын төгіп жанын қиған. Қазақ хандығының 550- жылдығын тойлай отырып есте сақтау керек, біздер үшін мемлекетіміздің тарихы, ең алғаш тәуелсіздік алған кездегі оқиғалар аса маңызды және әр азамат жалпы тарихымызды білу міндет.
Песчан жері – белгілі адамдар мекені
Песчан жері – белгілі адамдар мекені.
Песчан жері көптен бері өз адамдарымен белгілі, соның ішінде ғалымдар, ақын-жазушылар, басқа да құрметті жерлестер, азаматтарымен белгілі.
10 қыркүйекте Песчан ауылында Яков Митрофанович Давыденкоға мемориал тақтасын ашуға арналған митинг өткізілді. Аталған шараға Песчан ауылдық округінің әкімі ДюсембаеваАлтнай Қайырбекқызы, Качир ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Балютина Лидия Ивановна, Песчан №1 ЖОМ директоры Романишина Оксана Олеговна, еңбек ардагерлері, Песчан №1 ЖОМ 7-11 сынып оқушылары қатысты. Песчан ауылдық округінің әкімі А.Қ. Дюсембаева қатысушыларды осы мерекелік шарамен құттықтап, генерал-майор Яков Митрофанович Давыденкоға арналған мемориал тақтаны ашуға оның жиені А.Д.Аксёновқа сөз берді.
Келесі сөз Песчан №1 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, мектептегі тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі М.Х.Досаеваға берілді, ол Яков Митрофанович Давыденконың өмірбаянымен таныстырып өтті..
Я.М.Давыденко 20 ақпанда 1907 жылыКиев облысындағы Дешки ауылында дүниеге келген. 1907 жылы Столыпин реформасынан кейін отбасы Павлодар облысына көшіп келді, Качир ауданы Песчан ауылында мекендеді. 1921 жылы жас комсомол Яков Давыденко «ЧОН» арнайы бөлімше мүшесі етіп бекітілді. Сібір казачествосының бандиттерімен, байлармен күресті.