Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Песчан №1 орта мектебінде жазғы сауықтыру «Солнышко» балалар лагері ашылды. 1 маусымда балалар күні қарсаңында мектепте лагерьді ашу салтанатты рәсімі өтті. Таза ауада сергіту ойындары, басқа да қызықты ойындар, сайыстар ұйымдастырылды. Мерекеден кейін балаларға тәтті балмұздақ берілді, дәмді түскі тамақ әзірленді.
Лагерьде бастауыш сыныптардың 40 оқушысы демалды. Балаларды сауықтырып, демалуға барлық жағдай жасалған. Көп жылдар мектепте қызмет етіп келе жатқан тәрбиеші-мұғалімдер Волкова Л.В., Радионова Н.А., Семенова А.А., Жекеева Н.А. балалармен қызықты шараларды ұйымдастыруда. Спорттық сайыстар, музыкалық сағаттар, викторина, конкурстар, қызықты әңгімелесу, мультфильм көру, сергіту сәттері күн сайын өткізіліп тұрады. Патриоттық, спорттық-сауықтыру, адамгершілік-эстетикалық, шығармашылық бағыттағы шараларға аса мән беріліп тұрады. Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған шара, «Қоршаған айналаны қорғау күніне» арналған шара, тағы да басқа шаралар өткізілді. Биыл да біздің оқушылар жақсы демалып, жаңа оқу жылына көнілді күймен келеді деген үміттеміз.
Лагерь басшысы: А.Дюсембаева
«Таза жағалау» акциясы басталды
«Таза жағалау» акциясы басталды
Жаз бастала шомылу кезеңі де басталды, бірақ лас өзен немесе көлде шомылудың қандай пайдасы бар. Сондықтан Песчан №1 жалпы білім беру мектеп оқушыларына 25 маусымда «Таза жағалау» акциясының басталғаны хабарланды , және де ол жаз бойы жалғасуда. Оқушыларға қоқыс іздеу қиынға түскен жоқ, себебі Ертіс жағасы қоқысқа толы. Әр адым сайын шашылған біреулердің демалыстан кейінгі орындары. Ертіс жағасын қоқыстан тазалау барысында оқушылар мұндай жағыдайды көретіндерін күтпегенін айтты. Мүмкін оқушыларды осындай жұмыстарға қатыстыру үлкен азаматтарға осындай істері табиғатқа қауіп туғызатындарын көрсетеді. Осындай қоғамдық жұмыстарға оқушыларды қатыстыру пайдалы және жақсы мүмкіндік. Экологияны қорғау жұмысына 1-6 сынып оқушылары арасынан 24 оқушы және 12 мектеп қызыметкерлері шықты. Осындай жұмыстан кейін жас экологтарға үлкендер демалыс ұйымдастырды.
«Таза жағалау» акциясы балалардың арқасында өз мақсатына жетті.
Песчан №1 мектебінің аға вожатыйы Жукова И.
Жаз келді
Жаз келді
Оқу жылы аяқталғаннан кейін балалардың жазғы демалысын жақсы, қызықты ұйымдастыру, оларды сауықтыру біздің міндет. Үш жыл бойы Песчан №1 орта мектебінде 5-8 сынып оқушыларына «Радуга» профильдік лагерь жұмыс істейді. Лагерьде 40 оқушы демалды. Балармен тәжірибелі мұғалімдер, жазғы демалыста арнайы жоспарланған бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Профильдік лагерьдің бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша жұмысын ұйымдастырды.
Лагерьде «Қағазбен жұмыс», «Ақпараттық мәдениет», «Өлкетану», т.б. үйірмелер жұмыс істеді. Сонымен қатар сергіту ойындары, таза ауада эстафеталар, сайыстар, басқа да спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Профильдік лагерь басшысы Б.Қайырова
Үстел теннисі
Үстел теннисі
7-8 сәуірде Песчан №1 ЖОМ үстел теннисінен Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған мектепшілік сайыс өтті, 5-7 сыныптың қыздары мен ұлдары арасында, жоғары сатыда 8-11 сыныптың қыздары мен ұлдары арасында.
5-7 сыныптағы ұлдар арасында:
1 орын - Больт Артур ,
2 орын - Шахмет Мирас ,
3 орын - Коновалов Камбар .
5-7 сыныптағы қыздар арасында:
1 орын - Каирова Жансая ,
2 орын - Якубенко Светлана ,
3 орын - Балгабаева Айнура .
8-11 сыныптағы ұлдар арасында:
1 орын - Бейсенов Максут ,
2 орын - Турбан Александр,
3 орын - Иващенко Александр.
8-11 сыныптағы қыздар арасында:
1 орын - Бейсенова Зарема,
2 орын - Каирова Жансая ,
3 орын - Якубенко Светлана.