Басты

"ЖАЗ – 2014" 

 

Жазғы демалысты балалар асыға күтеді. Біздің мектебіміз жыл сайын жазғы кезеңде балалар жанға жайлы, таза ауамен тыныстап, демалысты қызықты өткізуіне жағдай жасайды. Биыл да мектепте жазғы сауықтыру «Солнышко» лагері ашылды. Лагерь сауықтыру, көңіл көтеретін қызықты оқулар бағытында жұмыс ұйымдастыруда. Көптеген спорттық іс-шаралар өткізіледі, балалар көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін бекітіп, төтенше жағдайда тәртіп сақтау ережелері туралы іс-шараларға қатысады. Тәрбиешілер ұйымдастырған шығармашылық шеберханада суреттен, құрастырудан өз қабілеттерін таныта алады. Балаларға жақсы демалуды тілейміз.

Қызықты сайыстар.

 

 

2014 жылғы 1 маусым күні Песчан №1 және №2 мектеп арасында Балаларды қорғау күніне арналған 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен  «Қызықты сайыстар» өтті. Осы сайыста  Песчан №2 ЖОМ оқушылары жеңді. Балалар кубок, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды, сайыстан соң балаларға шай берілді.

 

       Аталған шараның демеушісі Песчан жөндеу зауытының директоры  Алекпаров Юсуп Увалиевич.  Мектебіміздің педагогикалық ұжымы, ата-аналар қоғамдығы демеушілерге алғысын білдіреді.

 

«Парад звёзд». 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 25 мамырда біздің мектепте   IIIфестиваль «Парад звёзд» шарасы өтті. Бұл шараға мектептің дарынды оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар жиналды, Песчан ауылдық округінің әкімі, жөндеу зауытының өкілдері қатысты.

     Бұл шараның бас демеушісі ретінде Песчан жөндеу зауытының директоры  Алекпаров Юсуп Увалиевич болып табылды. Мерекелік шарада келесі номинациялар  бойынша марапаттау рәсімі болды:

  1. «За верность науке» -  Аксенова Н., Овцынов П., Балгабаева А.
  2. «Олимпийская надежда» - Каирова Ж., Щеглов Р., Баильдинова Л.
  3. «Жас Дарын» - Васильковская А., Валивач Анатолий., Жуманов А., Григорчук В.
  4. «Ақыл көрік» - Радионов Д., Кунанбаев Н., Коновалова Т.
  5. «Шоқжұлдыздар» - Валивач Вероника, Искакова К., Чумачева К.
  6. « Білімпаз» - Торчинская О.

Диплом  «Алтын қор» 3-ші дәрежелі-    Власов Данил

Диплом  «Алтын қор» 2-ші дәрежелі- Луцик Наталья.

Диплом «Алтын қор» 1-ші дәрежелі - 6 сынып оқушысы Алекпарова Алия . 

 

 

 

  

 

Жеңіске жеттік.

          Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Павлодар қаласында Инновациалдық орталығында 12 жылдық мектепке арналған арнайы финалдық курстары өтті. 1-ші және 2-ші турының қорытындысы бойынша біздің мектепті Качир ауданы атынан Песчан №1 мектебінің директоры орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оксана Олеговна Романишина қорғады. Ол 11 сыныпқа арналған «Орыс тілінен ҰБТ-ға дайындаламыз» арнайы кусын дайындап қорғады. Барлығы конкурсқа 100 жұмыс дайындалды, финалға 30 арнайы курстары қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша Оксана Олеговна Инновациалдық орталығының Алғыс хатымен марапатталып, жұмысы мектептерге арналған құрал ретінде басылып шықты.

Құттықтаймыз

 

 

«Наурыз келді қараңдар!».

 

 

19 наурызда біздің мектепте Наурыз мейрамы тойланды. Мерекеге қатысушыларды мектеп директоры Оксана Олеговна Романишина құттықтады. Мейрам «шашу»  дәстүрінен басталды. Әр сынып дастарқан жайып, қазақтың дәстүрлі тағамдарын дайындады: бауырсақ, бешпармақ, наурыз- коже, чак-чак  т.б. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өлең, тақпак, ән шырқалды, қызықты ойындар, ұлттық сайыстар ұйымдастырылды.  Ұллтық тағамдан татып, шай ішіп, жақсы көңіл-күймен мереке аяқталды.

 

«Әй – жарайсың, қыздар»    

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 18 наурызында  Песчан №1 ЖОМ  әскери-патриоттық клубтар арасында кеңес әскерлерді Ауғанстаннан шығарғанына 25 жыл толуына байланысты «Әй-жарайсың, қыздар» аудандық сайыс өтті. Сайысқа қатысқан қыздар өз өнерлерін көрсетіп,алғашқы әскери дайындықтан жақсы білімдері байқалды.

 

Қорытынды бойынша бірінші жүлделі орын Качир №2 ЖОМ, екінші орында Качир №1 ЖОМ, үшінші орында Качир №3 ЖОМ.

 

 

 Песчан №1 ЖОМ халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелдерге гүл сыйлау» мерекелік шаралар  өтті.

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың ақпан айында мұғалімдер арасында аудандық пәндер олимпиадасы өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша география пәнінің мұғалімі  Уваисова  Гульсара Жумабаевна  2 орынға, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Ильясова Алмагуль Бахтиаровна  3 орынға ие болды.

Мектеп ұжымы әріптестерін жүлделі орындарымен құттықтайды, шығармашылық табыс тілейді.

 

 

                                           Жаңа жыл қарсаңында

 

    Жаңа жыл қарсаңында Песчан № 1 ЖОМ дәстүрлі жаңа жылдық шаралар ұйымдастырылды.  «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері бұл шараға белсенді қатысты. Өткен жылдың 28 жұлдызында жаңа жылдық таңертеңіліктер өтті.  

 

            

        Балалар өздерін жаңа жыл ертегісінде болғандай сезінді: Аяз ата мен Ақшақар, Мальвина мен Буратино кейіпкерлері қонаққа келді. Жаңа жылға арналған шараның бағдарламасы өте қызықты да көңілді өтті. Балалар аса қызығушылықпен ойындар мен конкурстарға қатысты: ән айтып, би биледі, тақпақ айтты, жұмбақтар жасырды, сүйікті мульфильмдердегі әндерді орындады. Аяз ата әр түрлі ойындар ойнауға шақырды. Өте қызықты болды. Ең кішкентай балғындар дайындап келген тақпақтарын айтып берді. Аяз ата  оларды мадақтап, сыйлық берді. Жаңа жылдық  көңілді мерекеге келген балалардың барлығы белсенді қатысты.
    Жаңа жыл мерекесі қарсаңыңда тамаша безендірілген акт залы да балалардың көтеріңкі көңіл-күйлеріне себеп болды.  Мишура, түрлі түсті гирляндалар, әсіресе мерекенің ең басты символы – шырша балалрға көңілінен шықты.