Біздің жетістіктер
Мектеп туралы
Мемлекеттік аралық бақылау
ОЖСБ
9 сынып
4 сынып
ҰБТ
Мұғалімдер күні
Мемлекеттік сатып алулар
Жаз
Жаз-2016
Жаз-2017
Пайдалы ақпарат
Ата-аналарға ақпарат
Оқушыларға ақпарат
ON-LINE тестілеу
Мұғалімдерге ақпарат
Әдістемелік жинақ
Мемлекеттік қызметтер
ЭКСПО - 2017
Мұражай
Кітапхана
Нормативтік-құқықтық актілер
"Жас Ұлан"
Қаржыландыру
Басшының блогі
Директордың беті
Жеке қабылдау кестесі
Виртуалды қабылдау
Сенім телефоны
Виртуалды экскурсия
Фотогалерея
Біз қазақ тілін үйренеміз
Оқушылардың киімі
Оқушы киімінің үлгілері
Бұйрық
Оқушының киіміне қойылатын талаптар
Медбикенің беті
Біздің ұжым
Әкімшілік
Жаратылыстану-математикалық бағыттың ӘБ
Гуманитарлық бағыттың ӘБ
Бастауыш сыныптар ӘБ
Эстетикалық бағыттың ӘБ
Қамқоршылық кеңесі
Сайт картасы
Ашық қаржыландыру
Мектептегі тамақтандыру
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12

Әдістемелік жинақ

                      Мектепалды сыныбында валеология сабағы.

Тәрбиеші: А.К.Дюсембаева, Песчан №1 орта мектебі.

Тақырыбы: Күн мен түн.

Мақсаты: 1. Күн мен түн туралы білімдерін кеңейту.

                 2. Күндізгі және түнде болатын құбылыстарды ажырата алу  дағдыларын қалыптастыру.

                  3. Тілдік қорларын молайту, эстетикалық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдер: Тренниг  жаттығулары, жұмбақ шешу, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырма.

Қажетті құрал-жабдықтар: Ватман қағаз, қалам, қарындаш, желім, күннің бейнесі, айдың бейнесі, үлестірмелі тапсырмалар, слайд, үнтаспа.

Сабақ барысы: Кіріспе  (5 мин)

Оқушылармен амандасу. «Шаттық шеңбер» құрып, психологиялық дайындық жүргізу. (Шаттық шеңберінде дөңгеленіп тұрған оқушылар бір-біріне жақсы, жылы тілектерін айтады).

  1. Ұйымдастыру сәті: Қуанамын мен де,
  2. Негізгі бөлім.  (20 мин)
  3. Қорытынды.  (5 мин)

                                            Қуанасың сен де,

                                            Қуанайық достарым,

                                            Арайлап атқан күнге!

Тұсаукесер:  (5 мин)

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін жұмбақтар жасырылады. (Жұмбақты шешіп, бүгінгі өтетін жаңа тақырыпты өздері табады).

                     Жұмбақтар. 1) Таңмен көзін ашады,

                                              Әлемге нұр шашады. (Күн)

2) Шымылдық ішінде қап-қара

    Ұйықтап жатыр дала, жат, қала. (Түн)

3) Алтын кетті, күміс келді. (Күн мен түн)

- Иә, балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Күн мен түн» деп аталады.

(Электрондық оқулық бойынша бейнекөріс көрсету). Интербелсенді тақтадан бейнекөрісті мұқият қарап шығады. Сөздік қорларын молайтады. Күн мен түн туралы мәліметтерді жинастырады.

Тапсырма: Тәрбиеленушілердің алдына үлестірмелі суреттер беріледі. Олар сол суреттердің ішінен күндіз және түнде болатын құбылыстарды табу керек және күндіз болатын құбылыстарды бір бөлек, түнде болатын құбылыстарды бір бөлек жапсыру керек.

.

Сергіту сәті: Күн шығады аспаннан

                      Біз мектепке барамыз.

                      Күн төбеде тұрғанда

                      Біз мектептен қайтамыз.

                      Күн  ұяға батқанда

                      Біз ұйқыға жатамыз.

Тапсырма: Күн мен түннің айырмасын ажыратуға бағытталған постерлар беріледі. Постердағы суреттерді сәйкесінше бояп шығу керек.

«Күн мен түн» ойынын ойнату.

(Күн дегенде тұрамыз, түн дегенде отырамыз).

Бағалау. Сабақты «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтау.

                         Балаңыз мектепке дайын ба?

                                      Мектепке келу – әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс еңгізеді. Мектепке дейіңгі оқушыларға тән балалық, ойынға берілу,көптеген талаптар міндеттер және бар өмірмен алмасады:енді бала әр күні мектепке баруы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмасын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.    

 

       Осы 6-7 жас кезінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым-қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсету қажет. Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «қажет», «дұрыс», «дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады. Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек. Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Өйткені, дені сау, жан-жақты, өзіне сенген және басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады. Мектепте бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты. 

 

    Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата-анасына байланысты. Әрине, баланың қателік жасауға құқы бар. Оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ендеше, біз, ата-аналар баланың оқушы болуға ұмтылысын қолдайық.

 

                                                                                         А.Дүйсембаева, Песчан №1 ЖОМ тәрбиешісі

 

                                                                     

BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com